Амир Абдуллахиан Джозеп Боррелмен телефон арқылы сөйлесті
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан мен Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жауапты қызметкері Жозеп Борреллдің телефон арқылы сөйлесуінде Еуропамен қарым-қатынасқа қатысты соңғы өзгерістер, Иран мен Еуропа келіссөздері және Украинадағы оқиғалар талқыланды.
IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахианның айтуынша, бұл сұхбатта ол өзара құрметке негізделген диалогты кедергілерді жою және Еуропа мен Иран арасындағы қарым-қатынастар жолында алға жылжу үшін маңызды және шешуші қадам деп санады және Иранның Еуропамен жуырдағы келіссөздеріне сілтеме жасап: «Біздің пікіріміз – қарсы жақтардың оң қадамдар жасау жолында»,- деді. Ол Борреллдің Ахваз оқиғасында лаңкестің өлім жазасына кесілгені туралы мәлімдемесіне: «Кейбір еуропалық билік өкілдері, өкінішке орай, интервенциялық ұстанымдар арқылы лаңкестікпен күресуге деген ынта-жігерін көрсетудің орнына, лаңкестік деген сұмдық феноменді насихаттауға атсалысуда»,- деп жауап берді. Боррел: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Еуропалық Одақ үшін маңызды және біз барлық тараптардың оған қайта оралуы үшін көп жұмыс істеп жатырмыз»,- деді. Боррел сондай-ақ Теһран мен Эр-Рияд арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үдерісіне тоқталып, оны аймақтық тұрақтылықты нығайтудағы маңызды қадам деп атады.