Сардар Қасем Сүлейманидің өлтірілуіне қатысты айыптау қорытындысы шығарылды
Теһран прокуроры генерал Қасем Сүлейманиді өлтіргені үшін айыптау қорытындысын жариялады.
Shafqna-ның хабарлауынша, Әли Салехи кеше, дүйсенбі күні шәһид Сүлеймани мен оның серіктерін өлтіргені үшін сотқа шақыру және айыптау қорытындысын жариялап: «Айыпталушыларды анықтау және бұл істі құжаттандыру мақсатында сот орындаушыларына және түрлі құқықтық және әкімшілік органдарға 800-ден астам хаттар мен сот ұйғарымдары беріліп, 60 томдық іс бойынша 12 мыңнан астам беттен астам сот құжаттары жинақталған. Бұл істі тергеу барысында 97 америкалық азамат анықталып, оларға айып тағылды. Соңында олардың 73-і, соның ішінде бұрынғы президент Дональд Трамп, және бұрынғы сыртқы істер министрі Майк Помпео және лаңкестік әрекетке жауапты америкалық қолбасшы Кеннет Маккензиге сотқа шақырылу және айыптау шешім шығарылды. Ал 74 адамға жеткілікті айғақ болмағандықтан ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.