Maм 10, 2023 16:53 Asia/Almaty
  • Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы: Бөгделер әкелген қауіпсіздік аймақ елдері үшін сенімді емес

Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы: «Қауіпсіздіктің негізі жергілікті болуымен және аймақтағы барлық елдердің қатысуымен сенімді болады»,- деді.

Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы сейсенбі күні Омандағы стратегиялық және қорғаныс ғылымдары университетінде жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуына сілтеме жасай отырып: «Бүгінгі таңда көптеген ойшылдар әлем жаңа тәртіп орнатуға бет алғанын растайды. Әділетсіз әлемдік жүйеден туындаған гегемония кейбір державалар үшін патологиялық әрекетке айналды. Одан құтылу мүмкін емес сияқты, бірақ американдық күштердің құлдырауының белгілері ұзақ уақыт бойы байқалуда. Жаңа тәртіп бірполярлы гегемонға негізделмейтіні сөзсіз»,- деп мәлімдеді. Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы  ИИР-ның іргелі саясаты әрқашан аймақтан тыс күштердің қатысуынсыз аймақтық қауіпсіздік келісімдерін қалыптастыруға негізделгеніне тоқталды.

Тегтер