Сардар Тангсири: Сақшылар корпусының теңіз күштері Парсы шығанағын толық бақылауда ұстап отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i69618
Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы: "Бұл күш ішкі қарым-қабілетке сүйене отырып, бүгінде Парсы шығанағында әскери дайындықтың жоғары деңгейінде тұр. Осы шығанақты әуеде, су бетінде және су астында толық бақылауда ұстап отыр",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 12, 2023 16:18 Asia/Almaty
  • Сардар Тангсири: Сақшылар корпусының теңіз күштері Парсы шығанағын толық бақылауда ұстап отыр

Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы: "Бұл күш ішкі қарым-қабілетке сүйене отырып, бүгінде Парсы шығанағында әскери дайындықтың жоғары деңгейінде тұр. Осы шығанақты әуеде, су бетінде және су астында толық бақылауда ұстап отыр",-деді.

Сардар Әлиреза Тангсири жұма күні Бушерде тілшілерге берген сұхбатында: "Дұшпан кемелерінің Парсы шығанағындағы қатынасы тәулік бойы Сақшылар корпусының теңіз күштері тарапынан жіті бақыланып отыр",-деді.

Сардар Тангсири Парсы шығанағының қауіпсіздігіне оң баға беретінін және осы стратегиялық су өткелінің қауіпсіздігі толық сақталғанын айтып: "Ислам революциясы жетекшісінің бұйрығына сәйкес бүгінде Иран Қорғаныс министрлігінде дамыған әскери құрал-жабдықтар жасалып, қарулы күштерге беріліп жатыр",-деді.

Сардар Тангсири: "Осы қуатты құрал-жабдықтардың арқасында ИИР Қарулы күштерінің дайындығы күн сайын артып келеді",-деді.