Иран армиясының 86-шы флоты ел қарулы күштерінің айбынын көрсетті
ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы 86-шы флоттың миссиясы туралы түсіндіріп: "Бұл флот миссиясының басты мақсаты – исламдық Иранның айбынын көрсету",-деді.
Адмирал Шахрам Ирани жұма күнгі баспасөз отырысында "Дена" ирандық эсминеці мен "Макран" кемесінен тұратын 86-шы флоттың дүние жүзін айналып шыққандағы мақсатын түсіндіріп: "Өз тарихында алғаш рет Иран ішкі бай индустриалдық күш-қабілет пен заманауи құралдарды пайдаланып бір флот жасақтап, Жерді 360 градус айналып шықты",-деді.
Адмирал Шахрам Ирани бұл миссияны ИИР-дың күш-қуаты мен айбынының белгісі деп атап: "Дұшпанның қоқан-лоқысы және санкциясына қарамастан ИИР әлем елдерімен байланысын нығайту арқылы халықаралық сахнада белсенді әрекет етіп жатыр",-деді.