Ислам революциясының жетекшісі: Қажылық – халықаралық оқиға
(last modified Wed, 17 May 2023 11:17:00 GMT )
Maм 17, 2023 17:17 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Қажылық – халықаралық оқиға

Ислам революциясының жетекшісі қажылықты ұйымдастырушы және оған жауаптылармен кездесуінде былай деп баса айтты: "Қажылық – көптеген дүние және ақырет пайдасы бар халықаралық және жаһандық оқиға".

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін (сәрсенбі) қажылықты ұйымдастырушы, оған жауаптылар және қажылар тобымен кездесуінде қажылыққа дұрыс көзқарас пен бұл парыздың маңыздылығын түсінуді өте маңызды деп тауып: " Қажылық – ислам үмбетін ілгерілету, мұсылмандардың жүректерін жақындастыру және Ислам үмбетін күпірлікке, зұлымдыққа, тәкаппарлыққа, адамдық және адамдық емес пұттарға қарсы біріктіру болып табылатын жаһандық және өркениеттік мәселе",- деді. Аятолла Хаменеи осы ұлы парыздың дүниелік және ақыреттік игіліктеріне тоқталып: «Егер қажылық болмаса, Ислам үмбеті күйрейді",- деп мәлімдеді. Ислам революциясының жетекшісі Ислам үмбетінің бірлігі мен үстемшіл шайтандарға қарсы тұруды осы мақсаттардың қатарында қарастырып, былай деп қосты: "Қажылықтың көптеген дүниелік артықшылықтарының бірі – мұсылмандардың сионистік режимге және үстемшіл күштердің ықпалына қарсы осы үлкен жиында өздерінің қатысуы мен күш-қуатын жариялап,  әлем залымдарына қарсы бірігуі". Аятолла Хаменеи әлемдік мәселелер мен мұсылман халықтарының жағдайын білу қажеттілігіне сілтеме жасай отырып: "Бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат агенттіктерінің жалған жаңалықтары адамдарды дүние шындығынан алшақтатпау үшін қажылық күндері халықтарды, жаһандық мәселелерді тану үшін тамаша мүмкіндік",- деді. Ислам революциясының жетекшісі дүниені білмеуді кез келген қоғамның жойылуының себебі деп тауып, былай деді: "Халық пен шенеуніктер жаудың мақсаттарын, әдістерін, саясатын және күшті және әлсіз жақтарын өте байыппен қабылдауы керек. Егер жаһандық мәселелерден хабардар болсақ, дұшпанның нақты мақсаты мен кейбір мәселелерде табандылық танытуының себебін түсінуге болады. Көптеген мәселелерде шенеуніктер сақтық танытып, дұрыс әрекет етті және Американың ашуын тудырған Иранның аймақтық және жаһандық мәселелерде өте жақсы ілгерілеуі осы мұқияттылықтың нәтижесі болып табылады. Өркениеттіміз дейтін, өркениеттің иісін сезбеген елдер әлі күнге дейін ақ-қара нәсілге, еуропалық және еуропалық емес нәсілге араласып, үй жануарларын кейбір адамдарға қарағанда әлдеқайда жоғары бағалайды және мигранттардың теңізде бірінен соң бірі суға батып кетуі осы фактінің белгісін".