Салехи: Ауғанстан Иран Президентінің ескерту хабарламасын алды
(last modified Fri, 19 May 2023 11:15:41 GMT )
Maм 19, 2023 17:15 Asia/Almaty
  • Салехи: Ауғанстан Иран Президентінің ескерту хабарламасын алды

Үкімет ақпарат кеңесінің хатшысы: «Сарапшылық есептермен Хирманд суының жағдайын өлшеуге болады және кеше Иран Президентінің ескертуімен Ауғанстан тарапы міндеттемелерін орындауға міндетті»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Эхсан Салехи Twitter-дегі парақшасында: «Ауғанстан үкіметінің мәлімдемесі президенттің қай жерде болса да өз халқымыздың құқығын аламыз деген қатаң ескертуінің қабылданғанын көрсетеді. Бұл мәлімдемеде Иран мен Ауғанстан арасындағы су келісіміне және судың Иранға берілуіне міндеттенетініміз 3 рет баса айтылды. Әрине, олар тасымалдау үшін судың жетіспейтінін айтты, бұл бұрынғы міндеттемелерді бұзуды ақтау болып табылады. Өйткені спутниктік карталар мен сараптамалық есептеулер бойынша судың жағдайын өлшеуге болады, ал кешегі ескертумен Ауғанстан тарапы міндеттемелерін орындауға міндетті»,- деп жазды.