Maм 21, 2023 20:43 Asia/Almaty
  • ИИР-дың сыртқы саясатындағы пайдалылық көрсеткіші

Ислам революциясының жетекшісі Иран СІМ-нің жауапты басшыларымен кездесуінде жалыну дипломатиясынан бас тартып, принциптерді сақтай отырып, ақылға салып әрекет етіп, икемді болу керегін айтты.

Аятолла Хаменеи сенбі күні Иран СІМ-нің жауапты басшылары және елшілермен кездесуінде сәтті сыртқы саясаттың ережелері мен көрсеткіштерін түсіндіріп, "абырой-құрмет" – жалыну дипломатиясынан бас тарту, "хикмет" – алдын ала ойластырылған іс-шаралар жасау, "пайдалылық" – ауыр кедергілерді айналып өту үшін икемді болып, жолды жалғастыруды ел дипломатиясындағы негізгі үш сөз деп атап, Иран әлемнің болашақ жүйесінде лайықты орын алуы үшін елдің сыртқы саясат басшыларын халықаралық  сахнада  біртіндеп жүзеге асып жатқан өзгерістер мен ықпалды оқиғаларды ұдайы бақылап отыруға шақырды.    

Тәуелсіздікті сақтау және ұлттық мақсат-мүдделерді қамтамасыз ету үшін Ислам революциясының жетекшісі "абырой-құрмет, хикмет, пайдалылық" атты үш негізді Иранның сыртқы саясатының түбегейлі принциптері деп атады. Аятолла Хаменеи осы үш негізді халықаралық қатынас аясына қажетті үшбұрыш деп атап, Иранның әлеммен әрекеттестігін елдің жиырма жылдық перспективасы туралы құжатта осы үш негізде түсіндіп берді.  

ИИР басқа елдер сияқты сыртқы саясатта жалпы ережелерді сақтауы тиіс. Бірақ ИИР жүйесінің өзіндік мақсаттары мен ерекшеліктері бар. Соларға сәйкес кейбір жағдайда тіпті өзінің тарихи қатынасынан өзгеше реакция білдіруі мүмкін. Әрине бұл реакция ИИР жүйесінің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмейді. Шын мәнінде оны белгіленген мақсаттарға жету үшін өзгеше тәсіл мен шешім жолын қолдану деп айтуға болады.

Осы тәсілдің жетістіктері көрсеткендей, ИИР аймақта ықпалды құдірет және жауапты ойыншы ретінде сыртқы саясаттағы тұрақты принциптер мен дипломатиядағы пайдалылықты сақтай отырып, өз мақсат-мүддесін қамтамасыз етуге және аймақта бейберекеттік азайып, бейбітшілік пен тұрақтылықтың қалыптасуына көмектесіп келеді.

Шын мәнінде Ислам революциясынан кейінгі өзгерістер мен таңылған соғыс сияқты дағдарыстарға шолу, бейбіт мақсаттағы ядролық жұмыстар, түрлі кезеңдерде кейбір көршілес елдермен қарым-қатынаста туындаған текетірестер көрсеткендей, ИИР сыртқы саясатта абырой-құрмет, хикмет, пайдалылық принциптерін әрдайым басты өзек етіп алып, осы дағдарыстарды басқаруға күш салып, аймақтық өзгерістерде және халықаралық сахнада әсерлі рөл ойнауға тырысып келеді.   

Тегтер