Адмирал Ирани: Иран армиясының теңіз күштері өз-өзіне сенімділіктің шыңына жетті
(last modified Sun, 21 May 2023 15:24:45 GMT )
Maм 21, 2023 21:24 Asia/Almaty

ИИР армиясы теңіз күштерінің қолбасшысы: "Иран армиясы теңіз күштерінің қызметкерлері өз-өзіне сенімділіктің шыңына жетті",-деді.

Адмирал Шахрам Ирани: "Теңіз күштерінің әскери қызметкерлері Иранның орнын нығайтумен қоса, АҚШ гегемониясының әлсірегенін және ИИР жүйесінің көшбасшы екенін дәлелдеді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, адмирал Шахрам Ирани жексенбі күні Бандар-Аббаста 86-шы флотты ресми қарсы алу рәсімінде: "ИИР армиясының стратегиялық күштері жаңа пайда болған күш ретінде халықаралық суларда жүзу арқылы өзінің қарым-қабілетін көрсетіп, аймаққа әсерін кеңейте түсті",-деді.  

Адмирал Шахрам Ирани: "Теңіз күштері Бүкіл күштер бас қолбасшысының рұқсатымен Иран тарихында алғаш рет заманауи білімді қолданып, теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қоса, 213 күн мұхитта болып, әлемге бейбітшілік пен достық жолдауын жеткізді",-деді.