Иранның Тәртіп күштері қолбасшысының орынбасары: Дұшпанның Иранға қарсы ең маңызды стратегиясы – бейберекеттік тудыру
Иранның Тәртіп күштері қолбасшысының орынбасары Заһеданда Сараван шекаралық полкінің шәһид болған сарбаздарын еске алу рәсімінде: "Дұшпандар елде алауыздық пен бейберекеттік тудыруды көздеп отыр",-деді.
Систан мен Белучистан облысының орталығы Заһеданда Тәртіп күштерінің шәһид болған 5 шекарашысын жерлеу рәсімі өтті.
Сенбі күні кешке (20 мамыр) бұзақылар мен қылмыскерлер Пәкістан территориясы арқылы Иранның шекарасын бұзып, Сараван шекаралық полкіне лаңкестік шабуыл жасады. Бірақ шекарашылардың табанды қарсылығына ұшырап, лаңкестер Пәкістан жеріне қашты. Осы қақтығыс барысында Иранның 5 шекарашысы қаза тауып, 2 адам жараланды.
Иранның Тәртіп күштері қолбасшысының орынбасары бригада генералы Қасым Резаи 5 шекарашыны жерлеу рәсімінде шәһидтердің есімін халықтың жадында сақтау керегін айтып: "Шәһидтер әлемде исламдық Иранның абыройы мен мерейін сақтап қалды. Қазіргі таңда қоғамда орнаған қауіпсіздік пен тыныштық осындай адамдардың ықыласы мен жанпидалығына қарыздар",-деді.