Қалибаф: Сатқындардың шекарада қаза тапқан жастарға қатысты үнсіздігі Иран халқының назарынан тыс қалмайды
https://itolqyn.com/news/iran-i69862-Қалибаф_Сатқындардың_шекарада_қаза_тапқан_жастарға_қатысты_үнсіздігі_Иран_халқының_назарынан_тыс_қалмайды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы елдің оңтүстік-шығысындағы Сараван шекаралық полкінде шекарашылардың шәһид болғанына байланысты көңіл айтып: "Сатқындардың лаңкестік шабуылда қаза тапқан ержүрек жастар туралы үнсіз қалуы Иран халқының назарынан тыс қалмайды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 22, 2023 20:09 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Сатқындардың шекарада қаза тапқан жастарға қатысты үнсіздігі Иран халқының назарынан тыс қалмайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы елдің оңтүстік-шығысындағы Сараван шекаралық полкінде шекарашылардың шәһид болғанына байланысты көңіл айтып: "Сатқындардың лаңкестік шабуылда қаза тапқан ержүрек жастар туралы үнсіз қалуы Иран халқының назарынан тыс қалмайды",-деді.

Мұхаммед Бағер Қалибаф дүйсенбі күнгі ашық жиналыста: "Лаңкестікті қолдаушылардың дауысы кісі өлтіргендер мен лаңкестерді жазалағанда қаттырақ естіледі. Ал Иранның ержүрек жастары ел шекарасын қорғау жолында қаза тапқанда олардың дауыстары шықпайды",-деді.

Қалибаф: "Сараван шекаралық полкінде шекарашылардың шәһид болуы Иран халқының жүрегін ауыртты",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Өз Отанынан теріс айналып, дұшпандарға жақтасатын кез келген адам Иран халқынан тарихта қаларлықтай ауыр соққы алады",-деді.  

Сенбі күні (20 мамыр) бұзақылар мен қылмыскерлер Иран мен Пәкістан шекарасына лаңкестік шабуыл жасап, Иранның оңтүстік-шығысына басып кірмек болды. Бірақ Сараван шекаралық полкіне қарасты "Мәззесәр" мұнарасында батыл шекарашылардың табанды қарсылығына ұшырады. Өкінішке қарай, осы қақтығыс барысында Иранның 5 шекарашысы қаза тапты.