Доллардан арылу – Теһранда өтетін Азиялық биржа одағы отырысының өзекті тақырыбы
ИИР Орталық банкінің басшысы: "Доллардан арылу – Теһранда өтетін Азиялық биржа одағы отырысының өзекті тақырыбы",-деді.
ИИР Орталық банкінің басшысы Мұхаммедреза Фарзин Теһранда өтетін Азиялық биржа одағының 51-ші отырысының өзекті тақырыбы мен мақсаттары туралы: "Отырыстың негізгі тақырыптары – биржалық операцияларды көбейту, екіжақты және көпжақты валюталық келісімдер жасау",-деді.
Мұхаммедреза Фарзин: "Бұл отырыс 23-25 мамыр аралығында Орталық банк ғимаратында өтеді. Азиялық биржа одағына мүше 9 елдің орталық банктерінің басшылары шақырылған. Әрине бақылаушы мүшелер де қатысатын болады",-деді.
ИИР Орталық банкінің басшысы: "Азия биржалық одағының жарғысына енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, жақсы бір халықаралық отырыс өткіземіз деп үміттенеміз",-деді.
Мұхаммедреза Фарзин: "Басты мақсатымыз мынау: Мүше елдер арасында биржалық операцияларды күшейте аламыз; Мүше елдер өздерінің ұлттық валюталарымен жұмыс істеуге мүмкіндік алады; Екіжақты және көпжақты валюталық одақ құру мәселесін талқылаймыз",-деді.