Maм 25, 2023 16:45 Asia/Almaty

Иранның Қорғаныс министрінің қатысуымен Хорамшахр баллистикалық зымырандарының «Хейбар» атты ең жаңа өнімі таныстырылды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хорамшахрдың азат етілуінің үш жылдығына орай Иран Қорғаныс министрлігіне қарасты Аэроғарыш өнеркәсібі ұйымының соңғы зымырандық өнімі «Хейбар» деп аталатын «Хорамшахр 4» зымыраны бүгін бейсенбі күні Иранның Қорғаныс министрі, Мұхаммад Реза Аштианидің қатысуымен таныстырылды.  

«Хорамшахр» зымырандарының ең жаңа нұсқасы болып табылатын «Хейбар» зымыраны 2000 км қашықтыққа жететін сұйық отынды және 1500 кг оқтұмсықты зымыран, оның стратегиялық ерекшеліктерімен қатар тактикалық ерекшеліктері де бар. «Хорамшахр» зымыранының маңызды ерекшеліктерінің арасында ұшудың ортаңғы фазасында басқару және бақылау жүйесі бар, бұл жүйені және оқтұмсықтағы бағыттаушы қозғалтқыштарды пайдалану атмосферадан тыс оқтұмсықтың жағдайын бақылауға және траекториясын түзетуге әкеледі. Бұл зымыранның іс жүзінде барлық басқаруы мен бақылауы Жер атмосферасынан тыс жерде жүргізіледі.

Тегтер