Иранның Қорғаныс министрі: «Хейбар» зымыранының ұшырылуының жолдауы – аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына көмектесу
Иран Қорғаныс министрі ирандық «Хейбар» баллистикалық зымыранының тұсаукесерін аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қосқан үлес деп бағалады.
IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Қорғаныс министрі Мұхаммад Реза Аштиани ұзақ қашықтыққа ұшатын «Хоррамшахр 4» стратегиялық зымыранын таныстыру рәсімінде: «Бұл тұсаукесердің біздің достарымызға арнаған жолдауы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа көмектесу және үстемдік жүйесіне қарсы күрес жолында жүрген дос елдерге жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Иран Қорғаныс министрлігінің қорғаныс қабілетін жақсартуға байланысты дұшпандарға жолдауы - біз ел мен Ислам революциясының жетістіктерін қорғауға бел байладық. Сондай-ақ жауға жастарымызды алға ілшерлеу мен өсу жолынан тоқтата алмайтынын көрсеттік»,- деді.