Maм 27, 2023 12:32 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Армия Әскери-теңіз күштерінің 86-флоты Иранға халықаралық қауымдастықтың назарын аудартты

Теһран жұма намазының имамы: «ИИР армиясының 86-шы теңіз флотының миссиясы бұл елдің ерекше білімі мен мүмкіндіктерін халықаралық қауымдастықтың назарына ұсынды»,- деді.

Сейед Мұхаммад Хасан Әбуторабифард  ИИР армиясының 86-шы теңіз эскадрильясының отанына оралуына сілтеме жасап: «Осы беделді қадамда ирандық ғалымдар мен зиялы қауымның білімі, тәжірибесі мен технологиясының символы болған «Дена» флотилиясы 65 мың шақырым жол жүріп, экваторды 4 рет кесіп өтіп, ИИР Әскери-теңіз күштерінің білімі, тәжірибесі, батылдығы мен ерекше қабілеті халықаралық қауымдастықтың назарына ұсынылды»,- деп мәлімдеді. Әбутарабифард мақсаттың теңіз егемендігі екенін және бүгінде ИИР-ның әскери-теңіз күштерінің осы ұстанымда екенін айтып: «Теңіз күші - теңіздегі сулар мен өмірлік ресурстарды басқара алатын және жаулардың оларға қол жеткізуіне жол бермейтін теңізге қатысты мүмкіндіктер жиынтығы. Үнді, Арам және Атлант мұхиттарында болу, сондай-ақ маңызды Магеллан бұғазы арқылы өту шын мәнінде бірегей және ерекше жәйт»,- деді.

Тегтер