Бельгияда ұсталған ирандық дипломат Асадолла Асади Теһранға келді
(last modified Sat, 27 May 2023 06:51:02 GMT )
Maм 27, 2023 12:51 Asia/Almaty
  • Бельгияда ұсталған ирандық дипломат Асадолла Асади Теһранға келді

Бельгияда тұтқындалған ирандық дипломат Асадолла Асади Теһранға келді.

Асадолла Асади, ирандық дипломат, 2018 жылдың шілдесінде Германияның Бавариясында Венадағы резиденциясына қайтып келе жатқанда саяси қолсұқпаушылыққа ие болғанына қарамастан, ол Ол Германиядағы Мұнафеқин лаңкестік тобының жиналысына шабуыл жасауды жоспарлады деген айыппен заңсыз қамауға алынды. Ол 2018 жылдың қазан айында Германияның Карлсруэ сотының заңсыз қаулысымен жүз бір күн қамауда болған соң Бельгияға ауыстырылды.   Бельгияға ауыстырылған соң «Антверпен» соты 1961 жылғы Вена конвенциясы бойынша Асадидің дипломатиялық қолсұқпаушылығына қайшы, оны заңсыз жиырма жылға бас бостандығынан айырды.

Шамамен 5 жыл өткеннен кейін Оман Сыртқы істер министрлігі кеше (жұма) мәлімдемесінде: «Оман қамаудағы азаматтардың мәселесін шешу үшін Бельгия мен Иранның арасына араша түсе алды»,- деп жариялады.