Maм 27, 2023 13:14 Asia/Almaty
  • Канани: Украинаның жалған мәлімдемелерін қайталау Батыстан көбірек қару-жарақ пен қаржылық көмек тартуға бағытталған

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Украина президентінің Иранға қарсы уәждеріне жауап ретінде Украинаның жалған уәждерін қайталауы Батыстан көбірек қару-жарақ пен қаржылай көмек тартуды көздейтінін баса айтты.

Насер Канани: «Украина президенті Владимир Зеленскийдің Иранға қарсы жалған мәлімдемелерін қайталауы  Иран үкіметі мен халқына қарсы үгіт-насихат және БАҚ соғысымен үйлеседі және бұл Батыс елдерінен қару-жарақ пен қаржылық көмекті көбірек тарту мақсатында жасалуда»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Украина президентінің ИИР-на қарсы мәлімдемелерін қоғамдық пікірді басқа жаққа бұру және негізсіз мәлімдемелермен біріктірілген саяси драма деп сипаттап, оны түкке тұрғысыз деп біліп: «Иран әрқашан Украинадағы соғысқа және оның жалғасуына қарсы екенін және Украина халқының азап шеккеніне қатты өкінетінін мәлімдеді»,- деп айтты.

Тегтер