Қорғаныс министрі: Иранда басқа елдерге әскери құрал-жабдықтар сатуға шектеу жоқ
(last modified Sun, 28 May 2023 11:39:38 GMT )
Maм 28, 2023 17:39 Asia/Almaty
  • Қорғаныс министрі: Иранда басқа елдерге әскери құрал-жабдықтар сатуға шектеу жоқ

Иран Қорғаныс министрі: "Иранда басқа елдерге әскери құрал-жабдықтар сатуға шектеу жоқ. Халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен мүдделерді сақтауға қадам басқан кез келген елге көмектеседі",-деді.

Иран Қорғаныс министрі бригада генералы Мұхаммедреза Қараи Аштиани Венесуэламен әскери-қорғаныс саласындағы әріптестік және ирандық әскери құрал-жабдықтарды осы елге экспорттау туралы: "Иран барлық елдермен байланыста. Ол халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен мүдделерді сақтауды ойлайтын кез келген елге көмектеседі",-деді.

Бригада генералы Қараи Аштиани: "Венесуэла – стратегиялық аймақта орналасқан үлкен ел. Теһран мен Каракас баяғыдан бері тығыз байланыста",-деді.

Иран Қорғаныс министрі Ресейден Су-35 қырғи ұшақтары сатып алынғаны және жақын болашақта елге әкелінетіні туралы ақпараттарға қатысты: "Иран – авиация өнеркәсібі, соның ішінде қырғи ұшақтар, жүк тасушы ұшақтар, оқу-жаттығу ұшақтары және басқа түрлері бойынша өндіруші ел. Егер қорғаныс саласында қажеттілік байқалса, технология мен жабдықтары бар кез келген елден технология алады",-деді.