Иранның 2 қолбасшысы Систан мен Белучистан облысына барды
ИИР армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы мен тәртіп күштері қолбасшысының орынбасары Иран мен Ауғанстан шекарасындағы жағдайды тексеру үшін Систан мен Белучистан облысына барды.
ИИР армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы бригада генералы Киумарс Хейдари Ауғанстанмен ортақ шекараның жағдайын бақылау барысында: "Шекара Иран құрлық күштерінің толық бақылауында. Қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген",-деді.
ИИР армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы: "Иран, Ауғанстан мен Пәкістан шекараларындағы қауіпсіздік жағдаймен танысу үшін Систанға сапар шектім",-деді.
Иранның тәртіп күштері қолбасшысының орынбасары бригада генералы Қасым Резаи: "Қазіргі таңда шекарада жағдай тыныш. Кеше түнде ешқандай шабуыл жасалмады. Мәселе кеше түстен кейін аяқталды",-деді.
Сенбі күні таңғы сағат 10:00-да Талибан күштері халықаралық заңдар мен тату көршілестік принциптерін назарға алмастан, Ауғанстан территориясынан Иранның Забол шекаралық полкіне қарасты Сасули базасына түрлі қарумен оқ жаудырды. ИИР тәртіп күштерінің шекарашылары оларға кесімді тойтарыс берді.