Maм 29, 2023 22:35 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иран мен Оманның қарым-қатынасын кеңейту екі елдің мүддесіне сай келеді

Ислам революциясының жетекшісі Оман сұлтанымен кездесуінде Иран мен Оман қарым-қатынасын кеңейтудің екі ел мүддесіне сай келетінін айтты.

Аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Оман сұлтаны Хисам бен Таракпен кездесуінде Иран мен Оманның қарым-қатынасын тамыры терең жақсы қатынас деп атап: "Екі елдің байланысын барлық салаларда кеңейту екі жақтың мүддесіне сай келеді",-деді.

Аятолла Хаменеи Иран мен Оман делегацияларының келіссөздеріне тоқталып: "Маңызды нәрсе мынау: бұл келіссөздер сезілетін нәтижеге жеткенге дейін байсалды түрде қадағалануы тиіс. Сонда өзара байланыс кеңейеді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимнің аймақта болу қатеріне тоқталып: "Сионистік режим мен оны демейтіндердің саясаты – аймақта қайшылық тудыру және тыныштықты бұзу. Сондықтан аймақтағы барлық елдер осы мәселеге баса назар аударуы тиіс",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Иран мен Оманның әріптестігін арттыру өте маңызды. Өйткені екі ел Ормуз бұғазы деген маңызды су өткелінде орналасқан",-деп еске салды.

Ислам революциясының жетекшісі Оман сұлтанының "Мысыр Иранмен қарым-қатынасты қайта бастауға ниетті" деген сөздеріне тоқталып: "Бұл ұстанымды қолдаймын. Бұл салада еш қиындық жоқ",-деді.

Аятолла Хаменеи Оман сұлтанының Иран мен Сауд Арабиясы арасында қарым-қатынастың қайта жанданғанына қуанғаны туралы: "Бұл – он үшінші үкіметтің көршілес елдер және аймақтық елдермен қарым-қатынасты кеңейтіп, нығайту үшін жүргізген жақсы саясатының нәтижесі",-деді.

Аятолла Хаменеи сөзінің соңында: "Үкіметтер арасында байланыс артқаннан кейін ислам үмбеті өзінің абыройы мен айбынын қайта тауып, ислам елдерінің әлеуеттері мен мүмкіндіктері біріктіріліп, барлық ислам халықтары мен мемлекеттерінің мүддесіне жұмыс істейтін болады",-деп үміт білдірді.

Иран Президенті Ибрахим Раиси де қатысқан бұл кездесуде Оман сұлтаны Ислам революциясының жетекшісімен жүздескеніне ризалық білдіріп, Оманның саясаты көршілес елдермен, әсіресе ИИР-мен қарым-қатынасты кеңейту деп атап: "Теһран келіссөздерінде түрлі салалар бойынша пікір алмасылды. Осы сұхбатты жалғастырып, екі елдің қарым-қатынасы одан ары кеңейіп, оның іс жүзіндегі нәтижесі қос тарапқа бірдей байқалатын болады деп үміттенеміз",-деді.   

Тегтер