Раиси: Иранның саясаты – аймақта тұрақтылық орнату
Иран Президенті: "Иранның саясаты – аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату және нығайту",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Түрікменстанның Халық мүддесі кеңесінің төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың Теһранға сапары барысында екі елдің жоғары лауазымды делегацияларының ортақ отырысына қатысып, адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтатын Батыс елдеріне керісінше шынайы да байсалды түрде адам құқығын қорғауды көздеп отырғанын айтып: "Иранның саясаты – аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату және нығайту",-деді.
Ол су тапшылығын аймақ елдерінің ортақ қиыншылығы деп атап: "Егер аймақ елдері Иран мен Түрікменстандай ортақ су көздерін достық бөгетін салу арқылы басқарып, конструктивті әріптестік жасай алса, бұл салада қиыншылықтар азаяр еді",-деді.
Құрбанқұлы Бердімұхаммедов осы отырыста энергетика, темір жол және тас жол тасымалы, транзит және кеден істері, электр қуатымен алмасу, сауда, экономика және өнеркәсіп, медицина және денсаулық сақтау, су және егін шаруашылығы салаларында әріптестік жасауды арттыруды ИИР-мен ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды жолдарының бірі деп атап: "Екі елдің достық бөгетін салудағы әріптестігі аймақішілік ынтымақтастық саласындағы бір үлгі ретінде бар күш-қуатымен жалғасатын болады",-деді.