Вахиди: Иран мен Ауғанстанның шекарасы тыныш
https://itolqyn.com/news/iran-i70086
Иранның Ішкі істер министрі: "Талибан басшыларымен жүргізілген келіссөздерден кейін қазіргі таңда Иран мен Ауғанстанның шекарасында еш қиындық жоқ. Жағдай тыныш, шекара ашық",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 31, 2023 23:59 Asia/Almaty
  • Вахиди: Иран мен Ауғанстанның шекарасы тыныш

Иранның Ішкі істер министрі: "Талибан басшыларымен жүргізілген келіссөздерден кейін қазіргі таңда Иран мен Ауғанстанның шекарасында еш қиындық жоқ. Жағдай тыныш, шекара ашық",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ахмад Вахиди сәрсенбі күні Министрлер кабинетінің отырысы аясында Iran Press тілшісінің сұрағына жауабында: "Қазір Иран мен Ауғанстанның шекарасындағы жағдай тыныш, барыс-келіс жалғасып жатыр",-деді.  

Иранның Ішкі істер министрі: "Теһран басшыларының қырағылығы және Талибан басшыларының дер кезінде араласуының арқасында екі елдің шекарасындағы текетірес аяқталды. Бізде қазір шекарада қиындық жоқ",-деді.