Маусым 01, 2023 17:08 Asia/Almaty
  • Иран – кеме қатынасы бойынша әлемдегі ең үздік бес әскери алпауыттың бірі

Иран армиясы теңіз күштерінің оңтүстік флоты қолбасшысының орынбасары ИИР-ды кеме қатынасы бойынша әлемдегі ең үздік бес әскери алпауыттың бірі деп таныстырды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, адмирал Джалил Мұқаддам: "Қазіргі таңда Иран армиясы теңіз күштерінің белсендігінің арқасында және Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық кеме қатынасын жүргізу туралы бұйрығына сәйкес Иран әлемдегі ең үздік бес әскери-теңіз алпауыттың біріне айналды",-деді.

Адмирал Джалил Мұқаддам ИИР-дың 3 мың теңіз шекарасы барын айтып: "Қазіргі таңда ирандық жастар 8 айдың ішінде толығымен отандық 1 млн 400 мың бөлшектен тұратын "Дена" эсминецін жасап шығарып, әлемге елдің технологиялық әлеуетін көрсетті",-деді.   

Адмирал Мұқаддам: "Иран теңізде қолдануға арналған телекоммуникациялық жүйе жасау саласында айтарлықтай жетістікке жетті. Ұзақ мерзімді теңіз сапары барысында осы жүйенің орталықпен байланысы бірде-бір рет үзілген жоқ. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдері Иранның осы жүйесіне қол жеткізуді армандайды",-деп еске салды.

Тегтер