Генерал-майор Салами: Дұшпан Иран алдында қауқарсыз
(last modified Fri, 02 Jun 2023 11:53:43 GMT )
Маусым 02, 2023 17:53 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Салами: Дұшпан Иран алдында қауқарсыз

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Иран халқы Алланың көмегі және халықтың сабырлығының арқасында дұшпандардың экономикалық санкцияларын залалсыздандырды",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами кеше, бейсенбі Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан-е Разави облысының Сабзевар қаласында 2 мың шәһидті еске алуға арналған ұлттық конресте Иран халқының табандығы қарсылығы дұшпанды тізе бүктіргенін айтып: "Дұшпан үсті-үстіне жеңіліс тапса да, қастандық ұйымдастырудан бас тартпай келеді. Өз-өзін алдап, бұлыңғыр болашаққа сеніп отыр. Бірақ олар Иран халқының ояу әрі қырағы екенін, өзінің болмысы, абыройы, тәуелсіздігі, азаттығы мен ислам дінін қалай қорғау керек екенін білетінін түсінуі тиіс",-деді.

Генерал-майор Салами: "ИИР қазір бір жаһандық саяси-экономикалық, мәдени-психологиялық шабуылдың ортасында тұр. Үстемшілдер Иран халқын бас июге мәжбүрлеуді көздеп отыр",-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Соңғы бірнеше айда басып алынған жерлерде жүздеген мың адамдық шерулер өтті. Сионистік режимнің қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтыны, Батыстағы кейбір елдерде осыған қатысты қиыншылықтар бары айқын байқалды. Ал ИИР туы әлемде желбірей түсті",-деді.