Маусым 03, 2023 16:14 Asia/Almaty
  •  Иран адмиралы: Иранның аймақтық елдермен теңіз күштерінің жаңа альянсы жақын арада құрылады

Иран Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы жаңа аймақтық және аймақтан тыс коалициялардың құрылуы туралы хабарлап: «Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Бахрейн және Ирак сияқты аймақ елдерімен Иранның әскери-теңіз күштерінің бірлескен коалициясы жақын арада құрылады»,- деді.

 

ИИР Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Шахрам Ирани теледидарға берген сұхбатында аймақтық және аймақтан тыс жаңа альянстардың құрылатыны туралы хабарлап: «Бүгінде аймақ елдері аймақта қауіпсіздік орнату керек болса, оны бірлік мен ынтымақтастық арқылы жүзеге асыруға және орнатуға болады деген  ұстанымға жетті. Осыған байланысты аймақтық және аймақтан тыс жаңа коалициялар құрылуда»,- деп мәлімдеді. Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Иран, Ресей және Қытай теңіз күштерінің альянсына сілтеме жасап: «Бұл үшжақты одақ біз жыл сайын жаттығулар өткізетін Ресей және Қытаймен бірге дамып келеді. Сонымен қатар, аймақтық коалициялар құрылуда»,- деп тоқталды.

 

Тегтер