Бүгін ИИР негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.а.) қайтыс болған күн
(last modified Sun, 04 Jun 2023 14:34:37 GMT )
Маусым 04, 2023 20:34 Asia/Almaty
  • Бүгін ИИР негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.а.) қайтыс болған күн

Бүгін (жексенбі) хижраның 1402 жылы хордадтың 14-і (2023 жылдың 4 маусымы) Иран Ислам Республикасының ұлы негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.а.) қайтыс болған күні.

Осыдан 34 жыл бұрын дәл осы күні Иран Ислам революциясының ұлық жетекшісі  Рухолла Мусави Хомейни (р.а.) 87 жылдық қажырлы да қажымас өмірден кейін дүние салды.

Имам Хомейни (р.а.) шахтың үстемшіл режимі мен АҚШ-тың Ирандағы араласушылығына қарсы күресті хижраның 1342 жылы бастап, ақыры шах режимімен Түркияға, одан кейін Иракқа жер аударылды. Имам Хомейни (р.а.) Ирактағы он үш жылдық қуғында көптеген шәкірттер дайындаумен қатар, шах режимінің шіріген болмысы мен АҚШ-тың Ирандағы заңсыз мүдделерін әшкерелеп, ағартушылық мәлімдемелер жариялау арқылы Ислам революциясы жеңісіне жағдай жасады. Ақырында, күрестің қызып, имамның Францияға көшіп, одан кейін Иранға даңқты түрде оралуынан кейін Иран Ислам революциясы хижраның 1357 жылы жеңісіне жетті. Ислам революциясының жеңісінен кейін ішкі және сыртқы күштер мен революция дұшпандарының қастандықтарына, соның ішінде Ирак БААС режимінің Иранға қарсы соғысына қарамастан, имам Хомейни (р.а.) Иран халқын сол кезеңнің қиын жағдайында қырағылық пен батылдықпен басқарды.