Сардар Хаджизаде: «Фаттахты» ешбір зымыран жою мүмкін емес
Ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы «Фаттах» зымыранының әртүрлі бағытта және биіктікте қозғалуына байланысты ешбір зымыранмен жойыла алмайтынын айтты.
Iran Press-тің хабарлауынша, бригада генералы Амир Али Хаджизаде Фаттах гипердыбыстық зымыранының тұсауын кесу рәсімінде: «Бұл зымыран әлемде теңдесі жоқ, сондықтан осы зымыранның тұсауының кесілуімен Иран осы технологияға ие төрт елдің бірі болды»,- деді. Сардар Хаджизаде «Фаттах» зымыранының технологиясына байланысты оған қарсы зымыран жоқ екенін айтып: «Танктер, кемелер, ұшақтар және т.б. басқа қаруларға арналған зымыранға қарсы құрылғылар бар, тіпті басқа зымырандарға қарсы зымырандар жасалған»,- деп сөзін жалғады. Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы сонымен қатар «Фаттах» зымыранының жылдамдығының 13 Mach екеніне назар аудартып: «Мұндай жылдамдықтағы зымыранға қаосы тұру мүмкін емес. Бұл зымыранның қашықтығы 1400 км деп анықталды, ол нысанаға дәл тиеді»,- деп мәлімдеді. Сардар Хаджизаде Иранның зымырандық әрекеттерінің басынан бері жоғары бас қолбасшы тарапынан қолдау тауып, мақұлданғанына тоқталып: «Біз осы зымыранның жасалу есебін ұсынғанымызда, аятолла Хаменеи бұл зымыран үшін Фатах атауын таңдады»,- деді.