Иран көшпелілер туризмі бойынша әлемде үшінші орында
Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрлігінің ішкі туризмнің бас директоры: «Иран әлемде көшпелілердің алуан туристік турларын тартуда үшінші орында»,- деді.
Сейед Мұстафа Фатеми, көшпелі тайпалардың әртүрлілігі бойынша Иранның бірінші орында болуына сілтеме жасай отырып: «Иранның көшпелілер саласында 8 негізгі тайпасы мен 100-ден астам кіші тайпалары бар және әлемде әртүрлі көшпелі туристік турларды тарту бойынша үшінші орында. Шетелдік туристердің негізгі қызығушылықтары – көшпелі туризм, көші-қон және көшпелілер тағамдары»,- деп мәлімдеді. Фатеми, көшпелі туристік турлардың көпшілігінің Загростың баурайлары мен Хузестан, Шығыс және Батыс Әзірбайжан облысында екеніне тоқталып: «Ирандағы көшпелі тайпаларымыздың алуан түрлілігі өте зор, мысалы, Қашқаи тайпасы, Шахсон және Белуч тайпалары. Бұл әртүрлілік басқа елдерде өте шектеулі»,- деп айтты.