Раиси: Сионистік режим Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықтың дамуына риза емес
Иран Президенті: «Ислам елдерімен қарым-қатынасты дамыту үшін біздің ешқандай кедергілеріміз жоқ. Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты және аймақтық ынтымақтастықтың дамуына тек мұсылмандардың дұшпандары мен олардың басында отырған сионистік режим ғана наразы»,- деп мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси сенбі күні кешке Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бин Фарханмен кездесуінде: «Сионистік режим тек палестиналықтардың дұшпаны ғана емес, ол барлық мұсылмандарға қауіп төндіреді және кейбір елдердің осы режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру қауіпсіздікті қамтамасыз ету емес, сонымен қатар Ислам үмбетінің пікіріне де қайшы келеді»,- деді.
Раиси ИИР-ның лаңкестікпен күресу және тәкфиршіл топтарды жоюдағы табысты тәжірибесіне тоқталып: «Осы сәтті күрестің нәтижелері мен тәжірибелері екі елдің ынтымақтастығына назар аудара алатын мәселелердің қатарында»,- деп айтты.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: «Әлемнің кейбір елдері біздің аймақтың бейбітшілік пен дамуға қол жеткізгенін қаламайды. Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қазіргі өзара әрекеттестіктің барлық ислам елдері деңгейінде кеңеюімен шексіз жетістіктерге қол жеткізіліп, бұл біздің аймаққа ешбір шет мемлекеттің араласпауының кепілі болады»,- деді.