Иран мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық туралы 10 құжатқа қол қойылды
https://itolqyn.com/news/iran-i70498-Иран_мен_Өзбекстан_арасындағы_ынтымақтастық_туралы_10_құжатқа_қол_қойылды
Иран мен Өзбекстанның жоғары лауазымды қайраткерлері екі ел президенттерінің қатысуымен ортақ мәлімдеме мен әртүрлі салалардағы 10 ынтымақтастық құжатына қол қойды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 19, 2023 08:44 Asia/Almaty
  • Иран мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық туралы 10 құжатқа қол қойылды

Иран мен Өзбекстанның жоғары лауазымды қайраткерлері екі ел президенттерінің қатысуымен ортақ мәлімдеме мен әртүрлі салалардағы 10 ынтымақтастық құжатына қол қойды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасы мен Өзбекстанның жоғары лауазымды тұлғалары Сейед Ибрахим Раиси мен Шауқат Мирзаевтың қатысуымен ортақ мәлімдеме мен әртүрлі салалардағы ынтымақтастық туралы 10 құжатқа қол қойды. Жеңілдікті сауда келісімі, көлік және транзит, фармацевтикалық ынтымақтастық, стандарттар және сақтандыру саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы, бірлескен еркін аймақтарды құру мүмкіндігін зерттеу, технология және инновация, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың жоспары екі ел президенттерінің қатысуымен Иран мен Өзбекстанның ресми тұлғалары арасында қол қойылған құжаттардан болды.

Өзбекстан Президенті Раисидің ресми шақыруымен және 20 жылдан кейін саяси және экономикалық қайраткерлерден құралған жоғары дәрежелі делегацияның басында экономикалық және коммерциялық ынтымақтастықты арттыру мақсатында Теһранға барды.