Мехрабиан: Иранның Гильменд суын тұтыну құқығы әлі қамтамасыз етілген жоқ
(last modified Tue, 20 Jun 2023 07:56:27 GMT )
Маусым 20, 2023 13:56 Asia/Almaty
  • Мехрабиан: Иранның Гильменд суын тұтыну құқығы әлі қамтамасыз етілген жоқ

Иранның Энергетика министрі: «Осы уақытқа дейін Иранның Гильменд суын тұтыну құқығы келісімі Ауғанстан тарапынан қамтамасыз етілген жоқ»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Әлиакбар Мехрабиан  Иран Ислам Кеңесінің Құрылыс комиссиясының отырысынан кейін Ауғанстанның Иранға жіберуге міндеттелген суды қамтамасыз етпеуіне назар аудара Иран үкіметінің Систан мен Белуджистанды сумен қамтамасыз етуге байланысты  соңғы шаралары туралы: «Осы уақытқа дейін Иранның заңды су мөлшері Ауғанстан  тарапынан жіберлімеді. Иранның бұл ажырамас құқығы халықаралық заңдарға сәйкес қамтылуы керек»,- деп мәлімдеді. ИИР Президентінің арнайы өкілі және Кабулдағы Иран елшілігінің басшысы Хасан Каземи Қоми өткен жұмада ирандық телехабар арнасына берген сұхбатында Ауғанстанның басқарушы органы Гильменд  келісімін ұстануы керек деп тоқталып: «Талибан ирандық сарапшыларға Каджаки бөгетіне баруға рұқсат берді»,- деді.

1972 жылы Иран мен Ауғанстанның сол кездегі билігі қол қойған Гильменд  келісіміне сәйкес, аталмыш өзенінің суындағы Иранның үлесі жылына 820 миллион текше метрді және секундына шамамен 26 текше метрді құрайды. Әрине әртүрлі айлар мен маусымдарда бұл мөлшер өзгеріп тұратыны қарастырылған.