Махалат – Иранның гүлді қаласы
(last modified Tue, 20 Jun 2023 11:12:24 GMT )
Маусым 20, 2023 17:12 Asia/Almaty

Иранның Маркази облысындағы Махалат барлық гүлдер мен сәндік өсімдіктерді өндірудің орталығы болып табылады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Махалат әртүрлі сәндік гүлдер мен түрлі өсімдіктерді өндіруге қолайлы климаты үшін Иранның Гүлдер қаласы деп аталды.

Иранның тұқым және көшет одағының басшысы Ғұламәли Ибрахими Iran Press тілшісіне: «Махалат Иранда гүлдер мен өсімдіктерді өндіруде бірінші орында тұр және өткен жылы Орталық Азия елдеріне, Ирак, Оман және басқа елдерге шамамен 850 миллиард туманға гүл экспорттады»,- деді.

Махалат қаласында жыл сайын жасыл желектер мен бақшаларға арналған 185 миллионға жуық гүл бұтақтары, 72 миллион түрлі пәтер гүлдері және лалагүл, қалампыр, мәриям, хризантема  сияқты 217 миллион маусымдық гүлдер өндіріледі. Сондай-ақ, Махалат қызыл талы Америка, Қытай, Ресей, Араб және Еуропа елдеріне экспортталады және ішкі тұтынуы жоқ.