Канани сионистердің Құран Кәрімді қорлауын айыптады
Маусым 24, 2023 17:07 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистердің мешіттерге шабуылы мен Құран Кәрімді қорлауына сілтеме жасап: «Батыс үкіметтерінің үнсіздігі мен қолдауы сионистерді осы қатыгездікте батыл етеді»,- деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани: «Сионистердің мешіттерге аяусыз шабуыл жасап, Құран Кәрімді қорлауы, үйлерді қиратуы, күн сайын балалар мен әйелдерді және Палестинаның қорғансыз халқын өлтіруі жалған режимнің Исламдағы ешқандай қызыл сызықты ұстанбауының белгісі болып табылады. Бұл діни қасиеттілік пен адам құқықтарына қайшы. Батыс үкіметтерінің үнсіздігі мен қолдауы сионистерді осы қатыгездікте батыл етеді»,- деп жазды.
Тегтер