Амир Абдуллахиан: Иран Украинадағы дағдарысты шешудің саяси шешімін ұсынды
(last modified Mon, 26 Jun 2023 11:10:57 GMT )
Маусым 26, 2023 17:10 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран Украинадағы дағдарысты шешудің саяси шешімін ұсынды

ИИР Сыртқы істер министрі Украинадағы соғысқа қатысты Иранның ұстанымына қатысты: «ИИР соғысқа қарсы және бұл дағдарыстың саяси шешімін ұсынып отыр»,- деді.

 

ИРНА-ның кешегі хабары бойынша,  Хұсейн Амир Абдуллахиан Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Локе Расмуссенмен телефон арқылы сұхбатында Украинадағы соғысқа байланысты: «ИИР соғысқа қарсы және бұл дағдарысты шешу үшін саяси шешім ұсынып, соғыста бір жақтың кез келген қарулануы шиеленістің күшейуіне және аймақтағы тұрақтылықтың төмендеуіне әкеледі деп санайды»,- деп мәлімдеді.

Данияның Сыртқы істер министрі де осы телефон сұхбатында екі елдің қарым-қатынастарын тарихи маңызды деп атап, Иран Ислам Республикасымен келіссөздерді маңызды деп сипаттай отырып, әртүрлі салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту бастамаларының жалғасуын қуаттады.