Ғарибабади: Санкциялар – адамзатқа қарсы жасалған ең үлкен қылмыс
Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы санкцияларды адамзатқа қарсы жасалған ең үлкен қылмыс деп санап, Американың бұл біржақты санкцияларды шамамен 25 елге салғанын, мұның заңсыз екенін айтты.
Iran Press-тің хабарлауы бойынша, Казем Ғарибабади Американың адам құқықтарын оқу және әшкерелеу және 7 шілдедегі шәһидтерді еске алу апталығы тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында Иран халқына біржақты және заңсыз санкция салуды қылмыстардың бірі деп атап: "Иран халқына қарсы біржақты заңсыз санкциялар салу Американың қылмыстарының бірі болып табылады және Америка Иран халқына қарсы ең ауқымды санкциялар салды",- деді.
Ғарибабади әлемде 35 миллионнан астам адамның Американың қолынан қаза тапқанын, қаза тапқандардың 27 миллионының үндістер екенін, Вьетнам соғысында 4 миллион 500 мың адамның қаза тапқанын айтты. Сондай-ақ, Кубада, Мексикада, Иракта, Ауғанстанда Америка адамзатқа қарсы көптеген өлтірулер мен қылмыстар жасағанын мәлімдеді.