ИИР Президенті: Теһран Кавказдағы кез келген геосаяси өзгерістерге қарсы
ИИР Президенті Армения мен Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын өзара мойындауды бейбітшілік жолындағы маңызды қадам деп санап, елінің Кавказдағы кез келген геосаяси өзгерістерге қарсы екенін баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның телефон қоңырауына жауап беріп, екі ел арасындағы тарихи байланыстарға тоқталып: «Иран мен Оңтүстік Кавказ аймағы бір-бірінің тарихи және мәдени бөліктері»,- деді.
Раиси Иранның аймақтағы елдердің аумақтық тұтастығы мен тарихи шекарасын қолдауын қуаттап: «ИИР кез келген геосаяси өзгерістерге немесе Батыс әскери күштерінің Кавказда болуына қарсы, өйткені шетелдіктердің болуы проблемаларды шешпейді, сонымен қатар жаңа проблемаларды тудырады»,- деп айтты. ИИР Президенті Армения мен Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын өзара мойындауын бейбітшілік жолындағы маңызды қадам деп тауып: «Екі елдің шекарасы қауіпсіздік кеңістігінен тезірек алыстап, экономикалық шекараға айналуы керек»,- деп мәлімдеді. Раиси сондай-ақ екі жақты қарым-қатынастарды қарастыру арқылы Иран мен Армения арасындағы келісімдердің орындалуын жылдамдатуға баса назар аударды. Армения Премьер-министрі сонымен қатар Әзірбайжанмен бейбіт келіссөздердің барысы мен соңғы жағдайы туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады.