Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: Сирия келіссөздерін өткізбеу Қазақстан үкіметінің еркінде
https://itolqyn.com/news/iran-i70682-Иран_Сыртқы_істер_министрлігінің_баспасөз_хатшысы_Сирия_келіссөздерін_өткізбеу_Қазақстан_үкіметінің_еркінде
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қазақстанның Астана отырысын өткізуден бас тартуы туралы: «Қазақстан Астана процесінде оң рөл атқарды. Енді қабылдаудан бас тарту Қазақстан үкіметінің еркінде»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 27, 2023 14:19 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: Сирия келіссөздерін өткізбеу Қазақстан үкіметінің еркінде

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қазақстанның Астана отырысын өткізуден бас тартуы туралы: «Қазақстан Астана процесінде оң рөл атқарды. Енді қабылдаудан бас тарту Қазақстан үкіметінің еркінде»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани журналистермен апта сайынғы баспасөз мәслихатында Қазақстандағы Астана келіссөздеріне байланысты: «Қазақстан Сирия мәселесі бойынша Астана келіссөздерінің үдерісін қабылдауда оң және сындарлы рөл атқарды және жақында оның жаңа кезеңін өткізді. Бұл ел үкіметінің қабылдауға дайын екендігін жариялауы немесе қабылдамауы  Астана келіссөздері үдерісіне ешқандай кедергі келтірмейді және келіссөздерді белгілі бір елге ауыстыруды білдірмейді»,- деп мәлімдеді. Канани сөзінің жалғасында санкцияларды жою келіссөздері үдерісіне қатысты: «Бұрын айтылғандай, Иран келіссөздерді ұстанды және ұстануда, оның жалғасуы мен қорытындысы екінші тарапқа, әсіресе АҚШ үкіметіне байланысты»,- деп айтты.