Ислам революциясының жетекшісі қоғамдық құқықтарды жүзеге асыруға баса назар аударды
https://itolqyn.com/news/iran-i70700-Ислам_революциясының_жетекшісі_қоғамдық_құқықтарды_жүзеге_асыруға_баса_назар_аударды
Ислам революциясының жетекшісі Иранның сот жүйесінің қайталанбас маңыздылығын, сот жүйесін өзгерту құжатының толық орындалуын, осы мекеменің ішінде және сыртында сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамдық құқықтарды қалпына келтіру, заңды бостандықтарды қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу – сот жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі екенін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 28, 2023 11:51 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі Иранның сот жүйесінің қайталанбас маңыздылығын, сот жүйесін өзгерту құжатының толық орындалуын, осы мекеменің ішінде және сыртында сыбайлас жемқорлықпен күресу, қоғамдық құқықтарды қалпына келтіру, заңды бостандықтарды қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу – сот жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі екенін мәлімдеді.

Діни жетекшінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Иран президенті, қайраткерлері және сот жүйесінің бір топ қызметкерлерімен кездесуінде осы саланың конституциядағы міндеттерін, соның ішінде қоғамдық құқықтарды қамтамасыз етуді өте маңызды деп санады. Ол: «Виртуалды және виртуалды емес кеңістікте адамдардың қорқыту мен психикалық қауіпсіздігін бұзудың алдын алу – қоғамдық құқықтардың бір көрінісі, сот жүйесі бұл күрделі  міндетті жоспарлаумен, тәртіппен, ережелермен жақсы орындауы тиіс»,- деді. Аятолла Хаменеи сондай-ақ халықтың заңды бостандықтарын қамтамасыз етуді маңызды деп тауып, былай деп сөзін жалғады: «Конституцияның қатаң түсіндірмесі бойынша, шариғат рұқсат еткен барлық бостандықтар халыққа берілуі керек. Сот жүйесі бұл салада өз міндетін атқаруы керек».

Ислам революциясының жетекшісі: «Иранның сот жүйесінің қазылары мен қызметкерлерінің басым көпшілігі - ең ауыр жұмысты шын мәнінде төмен ақымен атқаратын құрметті адамдар. Бірақ елдің кез келген жерінде шағын азшылыққа жасалған қиянат сот билігінің беделіне нұқсан келтіріп, бүкіл осы билікке қатысты дұрыс емес шешімнің қайнар көзіне айналады, сондықтан мекеме ішіндегі кез келген сыбайлас жемқорлықпен қатаң түрде күресу керек.  «Барлық мекемелердің қызметін бағалаудың негізгі өлшемі – нәтиже мен халыққа жететін түпкілікті өнім»,- деді.