Амир Абдуллахиан: Қасиетті Құранға құрметсіздік білдіруді ақтау қабылданбайды
ИИР Сыртқы істер министрі Швецияда Құран Кәрімді қорлауға реакция білдіріп: "Діни қасиеттер мен Стокгольм тарапынан Құран Кәрімді қандай да бір дәлелмен қорлауға рұқсат беру қабылданбайды",- деді.
IranPress ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан кеше бейсенбі күні твиттер парақшасында: «Бүкіл ислам әлемі қасиетті кітаптар мен Құран Кәрімді қорлауды қатаң түрде айыптайды. Діни қасиеттер мен Стокгольм тарапынан Құран Кәрімді қандай да бір дәлелмен қорлауға рұқсат беру қабылданбайды. Бұл әрекеттерді демократия және еркіндік деп атау тек терроризм мен экстремизмді ынталандырады. Оның түтіні кез келген бағыттан бұрын Батыстың көзіне түседі»,- деп жазды.