Теһран жұма намазының имамы: Америка мен сионистер Құранды қорлаушылар
(last modified Fri, 30 Jun 2023 12:53:15 GMT )
Маусым 30, 2023 18:53 Asia/Almaty
  •    Теһран жұма намазының имамы: Америка мен сионистер Құранды қорлаушылар

Теһран жұма намазының имамы: "Құранды қорлау сионистердің және сионистік лоббидің арандатуымен жасалады",- деді.

 

IranPress ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Хадж Алиакбари  Швеция үкіметінің Құран Кәрімді өртеуге рұқсат бергеніне сілтеме жасай отырып: "Швеция үкіметінің қажылық және Құрбан айт мейрамдары кезінде дүниежүзіндегі 2 миллиардқа жуық мұсылманға Киелі кітапты өртеуге рұқсат берудегі мәдениетке және адамшылыққа қарсы әрекеті дүниежүзіндегі мұсылмандардың сезімін жаралады. Батыс елдері өздерінің арсыз істерін бостандық деп атайды. "Жер бетінде өмір сүріп жатқан 2 миллиард халықтың қадір-қасиетін сыйламайсыз?" деп айтуға батылдары жоқ па?! Швеция үкіметі шешім қабылдаушы емес және   бұл сұмдық әрекет сионистер мен сионистік лоббидің арандатуымен жүзеге асырылуда",- деп мәлідеді. Мұхаммад Джавад Хадж Алиакбари: Ислам ынтымақтастығы ұйымы мен ислам мемлекеттері Швеция үкіметінің қасиетті Құранға құрметсіздік білдіру жағымсыз әрекеттеріне құқықтық арналар мен халықаралық құқықтан шара қолданатынына үміт білдірді.