Ғарибабади: Хамид Нури кепілге алынды
https://itolqyn.com/news/iran-i70802-Ғарибабади_Хамид_Нури_кепілге_алынды
Адам құқықтары жөніндегі штабтың хатшысы: «Хамид Нури «Иран азаматы тұтқын немесе қылмыс жасаған адам емес, Швеция үкіметінің кепілі болып табылады, өйткені оны түрмеде ұстаудың заңды немесе соттық негізі жоқ»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 02, 2023 13:55 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: Хамид Нури кепілге алынды

Адам құқықтары жөніндегі штабтың хатшысы: «Хамид Нури «Иран азаматы тұтқын немесе қылмыс жасаған адам емес, Швеция үкіметінің кепілі болып табылады, өйткені оны түрмеде ұстаудың заңды немесе соттық негізі жоқ»,- деді.

Иран азаматы Хамид Нури 2019 жылы 9 қарашада Швецияға келген кезде осы елдің қауіпсіздік күштері тарапынан тұтқындалып, түрмеде отыр. Швеция прокуратурасы Нуриді Иранда 34 жыл бұрын болған оқиғаға қатысы бар деп айыптады және бұл іс бойынша шағымданушылар негізінен «Мұнафеқин» лаңкестік тобының мүшелері.

Казем Ғарибабади IRNA агенттігіне берген сұхбатында: «Бұл ирандық азаматтың ісі толығымен саяси және біз оның жағдайын әртүрлі саяси және сот әдістері арқылы бақылап отырмыз. Шведтердің ешқандай құжаттары жоқ және олар тек террористік топты қорғайды, біз шведтерге осы лаңкестік топты қорғау үшін өздерінің қауіпсіздігі мен мүдделерін құрбан етпеуге кеңес береміз»,- деді.