Қалибаф: Сақышлар корпусының күші халықтан келеді
https://itolqyn.com/news/iran-i70810
Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Ислам революциясы Сақшылар корпусының күшінің халықтан келетінін айтып: «Ислам революциясы Сақшылар корпусы революциялық, ағартушылық, танымал, құнды және тиімді мекеме және шәһид мәдениетінің мұрасына ие»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 02, 2023 15:51 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Ислам революциясы Сақшылар корпусының күшінің халықтан келетінін айтып: «Ислам революциясы Сақшылар корпусы революциялық, ағартушылық, танымал, құнды және тиімді мекеме және шәһид мәдениетінің мұрасына ие»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Бақер Қалибаф  жексенбі күні Ислам революциясы Сақшылар корпусының ақпарат қорғау ұйымының шәһидтері мен шәһид қолбасшыларын еске алу кешінде:  «Бүгінде Ислам революциясы Сақшылар корпусы ұлттық және аймақтық ареналарда бар күшімен қатысуда. Ол аймақты өзінің барлау бақылауымен және ұлттық аренадағы бақылауымен революция жауларының ел ішіндегі және сыртындағы барлық қыршындарын залалсыздандырады»,- деп мәлімдеді. Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Ислам революциясы Сақшылар корпусының күші мен қуатын сақтау және Ислам революциясы Сақшылар корпусының халық арасындағы танымалдылығын сақтаудың өте маңызды екеніне тоқталып: «Ел қауіпсіздігінің маңызды бөлігін Сақшылар корпусы қамтамасыз етеді»,- деді.