Аятолла Макарем Ширази: Діндер мен халықаралық ұйымдар Құранға құрметсіздік білдіруді керек
(last modified Sun, 02 Jul 2023 13:06:11 GMT )
Шіл 02, 2023 19:06 Asia/Almaty
  • Аятолла Макарем Ширази: Діндер мен халықаралық ұйымдар Құранға құрметсіздік білдіруді керек

Аятолла  Насер Макарем Ширази  Швецияда Құранның өртелуін айыптаған жолдауында барлық діндер мен конфессиялардың ақсақалдарынан және халықаралық мекемелерден осы сұмдық әрекетті айыптап, мұндай әрекеттердің қайталануын болдырмау үшін күш салуды сұрады.

ИРНА-ның жексенбі күнгі хабары бойынша аятолла Макарем Ширази: "Құран Кәрімді өртеу арқылы мұсылмандардың қасиеттілігіне тіл тигізу деген сұмдық әрекет Еуропа елдерінің бірінде бұрынғы кездегідей сөз бостандығы сылтауымен және  аумағында мұсылмандар өмір сүретін   үкіметтің ресми рұқсатымен қайталанды. Мұндай әрекеттер қасиетті Құран Кәрім мен нұрлы Ислам дініне зияны тигізе алмайды. Мұсылмандардың бұл илаһи кітапқа деген құлшылықтарын білдірумен қатар, олардың Ислам дұшпандарына қарсы бірлігін тұрақты әрі біртұтас етіп, таза әрі шындықты іздеуші адамдардың жүректерін Исламды тануға бағыттайды",- деді.