Иран шекарасында қаза тапқан ауған азаматтарының суретін жариялау БАҚ-тың бұзақылығы болып табылады
Шіл 03, 2023 17:36 Asia/Almaty
Иранның Шекара қызметі Иран шекарасында қаза тапқан ауған азаматтарының суретін жариялауды кейбір ақпарат құралдары мен елдердің бұзақылығы деп атап: «Өткен күндерде Иран шекара күштері мен Ауғанстан шекаралық басқыншылары арасында қарулы қақтығыс болған жоқ»,- мәлімдеді.
Иранның шекара қызметі қолбасшылығының әлеуметтік орынбасары: «Соңғы жылдары Иран Ислам Республикасына қарсы БАҚ ұйымдары өтірік пен алдау әдістерімен жалған ақпараттарды жариялау арқылы Иран мен Ауғанстан халқының хабардарлығы мен ақпаратсыздығын пайдаланып, халыққа психологиялық қауіп тудыруға тырысты және олар Иран мен Ауғанстан деген екі ел арасында күрделі түсініспеушілік тудырды»,- деді.
Тегтер