Тахан Назиф: Иранның саяси жүйесінде адамдардың орны мен рөлі ерекше
https://itolqyn.com/news/iran-i70844-Тахан_Назиф_Иранның_саяси_жүйесінде_адамдардың_орны_мен_рөлі_ерекше
ИИР Конституциясының Сақшылар кеңесінің баспасөз хатшысы Иранның саяси жүйесінің халық үшін таптырмас рөл мен орын бергенін баса айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 04, 2023 14:25 Asia/Almaty

ИИР Конституциясының Сақшылар кеңесінің баспасөз хатшысы Иранның саяси жүйесінің халық үшін таптырмас рөл мен орын бергенін баса айтты.

Хади Тахан Назиф кеше, дүйсенбі күні Iran Press ақпарат агенттігі мен Иран Телерадио бірлестігі шетелге қызмет ететін бөлімінің кейбір арналарын аралаған соң Iran Press-ке берген эксклюзивті сұхбатында Ислам революциясының жеңісінен кейін Иранда жыл сайын дерлік сайлаулар өткізілетініне тоқталып: «Елдің саяси жүйесі халық үшін таптырмас әрі бұрын-соңды болмаған рөл берді. Халықтың дауыс беруі барлық жерде тиімді. Елдің түкпір-түкпіріндегі президентті, парламент депутаттарын, қалалар мен ауылдық кеңестерді сайлау, тіпті көшбасшыны сайлайтын Хобреган мәжілісінің мүшелерін сайлау да халықтың қолында. ИИР-ның демократия мен халық демократиясының тамаша тәжірибесі бар»,- деді.