Иранның Құран жамағаты Швецияда Құран Кәрімге құрметсіздік білдіруді айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i70846-Иранның_Құран_жамағаты_Швецияда_Құран_Кәрімге_құрметсіздік_білдіруді_айыптады
Иранның Құран жамағатының кеше (дүйсенбі) Теһрандағы Швеция елшілігінің алдында өткен үлкен жиынында Швецияда Құран Кәрімге құрметсіздік білдіру айыпталды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 04, 2023 14:26 Asia/Almaty

Иранның Құран жамағатының кеше (дүйсенбі) Теһрандағы Швеция елшілігінің алдында өткен үлкен жиынында Швецияда Құран Кәрімге құрметсіздік білдіру айыпталды.

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Құран қоғамы атынан Теһрандағы жиынға қатысушылар Құран Кәрімді қорлағандарға қарсы ұрандар айтты. Олардың қолында «Швеция Құранға құрметсіздік білдіруді доғарсын» деген тақырыппен жазылған жазбалар болды.