Иран Израиль режимінің жаңа қылмыстарынан кейін Палестина халқы мен оның қарсыласуын қолдауын жариялады
https://itolqyn.com/news/iran-i70848-Иран_Израиль_режимінің_жаңа_қылмыстарынан_кейін_Палестина_халқы_мен_оның_қарсыласуын_қолдауын_жариялады
Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі ИИР-ның Палестинаның езілген халқына қолдау көрсетуімен Палестина қарсыласуын ашық қолдайтынын тағы да жариялады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Шіл 04, 2023 14:27 Asia/Almaty
  • Иран Израиль режимінің жаңа қылмыстарынан кейін Палестина халқы  мен оның қарсыласуын қолдауын жариялады

Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі ИИР-ның Палестинаның езілген халқына қолдау көрсетуімен Палестина қарсыласуын ашық қолдайтынын тағы да жариялады.

IRNA-ның хабарлауы бойынша, ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі дүйсенбі күні сионистік режимнің Дженин лагерінде жасаған қылмыстарының жаңа кезеңіне реакция білдіріп: «Израиль режимі келіссөздер мен ымыраға емес, тек күш логикасына бағынады»,- деді. ИИР-ның БҰҰ-дағы өкілі Израиль режимінің осы қылмыстарына реакция білдіріп америкалық Newsweek басылымына: «Иранның бағалауы бойынша, палестиналықтар келіссөздер арқылы Израиль режимінен өз құқықтарын ала алмайды. Өйткені Израиль режимін күшке сүйену арқылы ғана сөйлесуге мәжбүрлей алады. Сондықтан Иран Палестина қарсыласуының кез келген көмек сұрауын қолдайды»,- деп мәлімдеді.

Сионистік армияның Дженин қаласы мен лагерінде жасаған қылмысының салдарынан 11 палестиналық шәһид болып, ондаған адам жараланды.