Раиси: ШЫҰ аймақтық ынтымақтастықты дамытуда артықшылыққа ие
ИИР Президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саяси, қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ұстанымын артықшылық деп санады.
Иран Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси бүгін сейсенбіде Үндістанда виртуалды түрде өткізілген Шанхай ынтымақтастық ұйымының 23-ші отырысында: "Иранның осы маңызды және ықпалды ұйымда болуы ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты дамуға бағыттау, байланыстар мен коммуникацияларды кеңейту, бірлікті нығайту, елдердің егемендігіне көбірек құрметпен қарауды және экологиялық қауіптермен күресу үшін бірлікті қамтамасыз етті. Аймақ халықтары мәдениеті мен өркениетінен туындайтын ортақ мұраттарға сүйеніп, ынтымақтастық алаңын қамтамасыз еткенде тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылық мүмкін болады. Жиырма жылдан астам лаңкестік пен экстремизммен сәтті күресу тәжірибесімен Иран аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және үстемдікпен күресу жолында өзінің табандылығын дәлелдеді",- деп мәлімдеді.
Иран Ислам Республикасының Президенті Палестина халқының қолдауына тоқталып: "Сионистік режим халықтардың егемендігіне қол сұғудың объективті белгісі. Иран барлық тәуелсіз елдердің егемендігін құрметтей отырып, елдердің ішкі істеріне кез келген араласуды айыптайды және ұлттық егемендікті нығайтуды қауіпсіздік пен лаңкестікпен күресудің негізгі шешімі деп санайды",- деді.
.