Ислам революциясы жетекшісі отбасы мен әйелдің маңызды рөлін қуаттайды
https://itolqyn.com/news/iran-i70896-Ислам_революциясы_жетекшісі_отбасы_мен_әйелдің_маңызды_рөлін_қуаттайды
Ливан зерттеу және білім беру орталығының директоры Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеидің салауатты қоғам құрудағы отбасы мен әйелдердің маңызды рөлін қуаттайтынына тоқталды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 06, 2023 09:11 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі отбасы мен әйелдің маңызды рөлін қуаттайды

Ливан зерттеу және білім беру орталығының директоры Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеидің салауатты қоғам құрудағы отбасы мен әйелдердің маңызды рөлін қуаттайтынына тоқталды.

Абдулла Қейсар Iran Press-тің Бейруттағы тілшісімен эксклюзивті сұхбатында: «Имам Хаменеи (ғ.с.) өзінің жиһадтық, саяси және жетекшілік өмірінде отбасының маңызды орны мен оның қоғамның орталық нүктесі ретіндегі ықпалын ерекше атап өтті. Аятолла Хаменеи де әрқашан салауатты отбасы мен оның беріктігін баса айтады, басқаша айтқанда, қоғамның қауіпсіздігі отбасылардың қауіпсіздігіне байланысты»,- деді.

Абдулла Қейсар аятолла Хаменеидің ойларындағы әйелдердің орны туралы: «Ислам революциясы жетекшісі әйелдердің саяси және мәдени салаларда болуын ерекше атап өтті, бірақ сонымен бірге ол ана болуды ұрпақ тәрбиелеудегі әйелдердің атқаратын ең қасиетті рөлі деп санады»,- деп мәлімдеді.