Сионистік режиммен күресу үшін ислам елдері басшыларының прагматикалық саясаттары қажет
Исламдық үгіт-насихат үйлестіру кеңесі өз мәлімдемесінде исламдық елдердің басшыларын прагматикалық экономикалық, саяси және ұжымдық саясаттарды жүзеге асыру арқылы сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарымен күресуге шақырды.
Исламдық үгіт-насихат үйлестіру кеңесі өз мәлімдемесінде былай деп айтылды: «Палестина халқының бүгінгі қарсыласуы мен тұрақтылығының жарқын көріністері әлемнің, әсіресе әлем мұсылмандарын таңырқатып, үстемшілік пен халықаралық сионизм лагеріне қорқыныш әкелді. Қарсыласу осінің күші мен географиясының кеңеюі және палестиналық жастардың антисионистік операцияларының артуы және Иордан өзенінің батыс жағалауында басып алушы Израиль режимінің армиясы мен тыңшылық қызметінің бірінен соң бірі қауіпсіздік саласындағы сәтсіздіктері бұл режимді қатты үрейлендірді және Израильдің құлау және жойылу қаупі бұл режим басшылары үшін қорқынышты елеске айналды».